11 июля 2026, Суббота 26 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Восход 04:08
Зухр 12:25
Аср 17:56
Магриб 20:31
Иша 22:23

Кіші немесе үлкен дәрет қысқанда намаз оқу – мәкруһ

Кіші немесе үлкен дәрет қысқанда намаз оқу – мәкруһ

Уақыт бола тұрса да үлкен немесе кіші дәретке қысылып тұрып намаз оқу – мәкрүһ.

Бұл тұрғыда: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Тамақ әзір тұрғанда және кіші, үлкен дәреті қысқан адамның оқыған намазы толық емес»– деген хадисі бар.

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Дастархан жайылып, ас қойылған соң және кіші немесе үлкен дәрет қысып тұрғанда намаз оқымаған абзал»,293 – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим, мәсәжид 67).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz