Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді:
«Азаншының дауйсбзұү сын естігенде, оның соңынан қайталаңдар, содан кейін маған салауат оқыңдар. Расында, маған бір салауат оқыған адамға Алла Тағала оған он салауат етеді. Содан соң мен үшін уәсиләні сұраңдар. Расында, бұл Алланың бір-ақ құлына ғана тиесілі жәннаттағы дәреже, мен сол құл боламын деп үміттенемін. Ал кім мен үшін уәсиләні сұраса, мен ол үшін шапағат қыламын». (Муслим, № 384).
Абдулла ибн Амрдан жеткен хадисте бір адам: «Уа, Алланың елшісі, азаншылар бізден асып түсті», – деді. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Олардың айтқандарын айт, содан кейін сұра, сұрағаның бұйырады», – деді. (Әбу Дәуд, № 524; Ахмед, 2/172; Ибн Хиббән, № 1695).
материал «Салауат байрағы» кітабынан алынды,
ummet.kz