25 августа 2026, Вторник 12 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:32
Восход 05:11
Зухр 12:21
Аср 17:11
Магриб 19:21

Алла кәпірге де нығмет береді, бірақ…

Алла кәпірге де нығмет береді, бірақ…

Біз кейде «неге имансыз адам бай, ал мүмін адам қиыншылықта жүр?» деп таң қаламыз. Бірақ Алланың мейірімі – бүкіл жаратылысқа бірдей. Ол – Рахман, Ол бәріне ризық береді. Бірақ қиямет күні ол кәпірлердің дүниедегі игілігін есепке алмайды.


Бұл туралы хадисте: «Алла тағала бұл дүниеде кәпірлерге де мол нығмет береді. Өйткені Алла – Рахман, Оның мейірімі бәріне ортақ. Ол пендесін “сен маған қарсы шықтың, серік қостың, иман келтірмедің”, – деп бөлмейді және ризықтан айырмайды. Бұл дүниеде барлығына береді. Бірақ қиямет күні иман келтірмегені үшін олардың жасаған істері қабылданбайды», – делінген.¹⁵⁰ (негізсіз риуаят)

Сонда Алла кәпірді тозаққа бір сәт кіргізеді де: «Ей, пендем, сен дүниеде жақсылық, нығмет көрдің бе?» – деп сұрайды. Ол: «Жоқ, дүниеде еш жақсылық көрмедім», – дейді. Өйткені тозақтың азабы дүниедегі барлық рахатты ұмыттырады.

Ал енді дүниеде қиналған момын мұсылманды жәннатқа бір сәт кіргізіп, Алла одан да былай деп сұрайды:

«Сен дүниеде қиналдың ба?» – дейді. Ол: «Жоқ, ешқашан қиналған жоқпын», – деп жауап береді. Өйткені жәннат нығметі дүниедегі барлық ауыртпалықты ұмыттырады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисте: «Көрдіңдер ме? Адам қаншама нығметке бөленсе де, тозаққа бір батып бәрін ұмытты. Ал дүниеде көп қиналған адам жәннатқа бір кіріп, барлық ауыртпалықты ұмытты», – деген.¹⁵¹ (Сахих Муслим)

Бұл – бізге үлкен сабақ. Дүниедегі сынақ мәңгі емес. Жәннат нығметінің қасында ол ұмытылады. Сол үшін қиналғанда сабыр қыла білген адам – нағыз бақытты жан.

материал «Алламен сырласу» кітабынан алынды, 

ummet.kz