24 августа 2026, Понедельник 11 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:30
Восход 05:10
Зухр 12:22
Магриб 19:23
Иша 21:02

«Әт-тахият» пен «салауатты» оқып үлгермей жатып имам сәлем берсе, не істеймін?

«Әт-тахият» пен «салауатты» оқып үлгермей жатып имам сәлем берсе, не істеймін?

Егер «аттахият» дұғасын толық оқып бітірмей жатып имам сәлем беріп жатса, сіз «Әт-тахият» дұғасын толық оқып барып, сәлем беріп аяқтайсыз.

Өйткені, «Әт-тахиятты» оқу уәжіп.

Ал, мысалы, «салауатты» оқып жатқаныңызда имам сәлем берсе, сіз салауатты келген жеріңізден үзіп, имамға ілесіп сәлем беруіңіз керек, ол кезде салауатты соңына дейін оқымайсыз, өйткені имамға ілесу – уәжіп, ал салауатты оқу – сүннет. Сүннетті орындау үшін, уәжіпті тәрк етуге болмайды1.

 

1  Саманақи әл-Ханафи: «Хизанатуль Муфтиин».

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz