28 августа 2026, Пятница 15 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:39
Восход 05:16
Аср 17:06
Магриб 19:14
Иша 20:51

Алланың Пайғамбарға (с.ғ.с) деген құрметін білдіретін аяттар

Алланың Пайғамбарға (с.ғ.с) деген құрметін білдіретін аяттар

Алланың Пайғамбарға (с.ғ.с) деген құрметін білдіретін аяттар


«ТаҺа» сүресі, 1-аят

«Таһа» сөзі туралы бірнеше пікір айтылған Пайғамбардың« есімдерінің бірі; Алланың есімдерінің бірі; Мағынасы: «Ей, ер адам!»;

Мағынасы: «Ей, адам!» Бұл – белгілі мағыналарға ишара ететін үзік əріптер. Ал əл-Уасити (Алла оған разы болсын): «Мағынасы: “Ей, Таза (Таһир)! Ей, Тура жолға бастаушы (Һəди)!» – деген.

Тағы бір пікір бойынша (аяқ басу) етістігінен шыққан бұйрық рай. Мұндағы «һə» əрпі жерді білдіреді. Яғни мағынасы: «Екі аяғыңды жерге толық бас. Бір аяғыңмен ғана тұрып, өзіңді қинама.» Бұл сөзден кейін келген: «Біз саған Құранды қиналуың үшін түсірген жоқпыз» деген аят осы мағынаны қуаттайды. Бұл аят пайғамбардың құлшылықта өзіне ауырлық түсіріп, көп еңбек етуіне, ұзақ түнгі (с.ғ.с)  намаз оқуына байланысты түскен. Автор кейін мына риуаятты келтіреді: Əр-Рабиғ ибн Əнəс (Алла одан разы болсын) былай деген: Пайғамбар (с.ғ.с)  намаз оқығанда кейде бір аяғымен тұрып, екінші аяғын көтеретін. Сонда Алла Тағала: «ﻃﻪ», яғни: «Ей, Мұхаммед! (с.ғ.с)  Екі аяғыңды жерге бас!» – деп түсірді.

Имам Насафи (Алла оны мейріміне бөлесін): Ал Мүжаһид, Хасан əл-Басри, əд-Даххак, Ата жəне басқа ғалымдардан (Алла оларға разы болсын) жеткен: «ﻃﻪ» – «Ей, ер адам!» деген түсіндірме дұрыс (сенімді) болса, онда оның мағынасы анық. Ал егер бұл риуаят сенімді болмаса, онда дұрыс пікір – Бақара сүресінің басындағы үзік əріптер («اﻟﻢ») туралы айтылған түсіндірме. Яғни «ﻃﻪ» да сол сияқты үзік əріптердің бірі болып табылады.

«ТаҺа» сүресі, 2-аят

(Уа, Мұхаммед!) Бұл Құранды саған (оны адамдарға жеткізу жолында) машақат көрсін деп түсірген жоқпыз. Насафи (Алла оны мейріміне бөлесін) тəпсірі: Пайғамбардың (с.ғ.с) өз халқының иман келтірмеуіне қатты қайғырғаны меңзеледі. Немесе — түнгі намазда ұзақ тұрып шаршауына қатысты. Өйткені риуаятта келгендей: Пайғамбар (с.ғ.с)  түнде ұзақ құлшылық жасап, аяқтары ісіп кеткенше намаз оқыған. Сонда Жəбірейіл (Алланың сəлемі болсын) оған: «Өзіңді сақта! Денеңнің де сенде ақысы бар» – деген. Яғни: Құран саған өз нəпсіңді қажытып, шаршату үшін түсірілген жоқ. Сен тек жеңіл ханиф дінін жеткізу үшін жіберілдің.

«ТаҺа» сүресі, 3-аят

Біз оны Алладан именетіндерге насихат һəм ескертпе ретінде ғана. Насафи (Алла оны мейріміне бөлесін) тəпсірі: Біз оны ескерту ретінде ғана түсірдік. «Қорыққандар үшін» – Алладан қорқатын немесе ақырында Алладан қорқуға келетін адам үшін.

«ТаҺа» сүресі, 4-аят

Əрі жер мен асқақ аспан əлемін жаратқан Алладан бірте-бірте келген уахи ретінде түсірдік. Насафи (Алла оны мейріміне бөлесін) тəпсірі: Алла оны Жер мен Көктерді Жаратушының түсіргені ретінде түсірді. Көктерді «биік» деп сипаттау – оларды Жаратушының ұлы құдіретінің айқын дəлелі.

«Кəһф» сүресі, 6-аят

(Уа, Мұхаммед!) Байқауымызша, сен егер ол мүшріктер бұл сөзге (яғни, Құранға) сенбесе, олардың соңынан уайым шегіп, өзіңмен-өзің таусыла жаздайсың. Насафи (Алла оны мейріміне бөлесін) тəпсірі: Олардың ізімен (кетіп бара жатқанда)», яғни кəпірлердің (сенен) сырт айналған ізімен. Аятта олар пайғамбардан (с.ғ.с)  бас тартқанда, иман келтірмей теріс бұрылған кезде пайғамбардың күйін сондай бір адамға ұқсатқан:
– ол адам ең жақсы көрген жандары кетіп қалып, солардың артынан өкіне құлап бара жатқандай;
– олардың ізімен қиналып, күйініп бара жатқандай;
– қатты қамығып, өз-өзіне зиян келтіріп алатындай халде. َ

«Шу'ара» сүресі, 3-аят

(Уа, Мұхаммед!) Байқауымызша, сен олар иман етпеуде деп уайымға салынып, өзіңді жеп тауыса жаздайсың. Насафи (Алла оны мейріміне бөлесін) тəпсірі: «(Сен кəпірлер иман келтірмегені үшін) өзіңді жоя жаздайсың». «Бахиғун» – яғни өзін өлтіруші. Мұндағы «лəғаллə» – аяушылық білдіру үшін (келген), бұл қайғыруға тыйым салу: яғни, өз халқыңның исламға кірмегеніне қатты өкініп, қайғырып, өзіңді құртпа, өзіңе аяушылық таныт. «Олар иман келтірмейтіні үшін». (Бұл аяттағы мағына:) Олар иман келтірмегені үшін (өзіңді қинама), немесе олардың иман келтіруден бас тартқаны үшін, не болмаса олар иман келтірмей ме деп қорқып (өзіңді жоя жаздайсың).

«Хижр» сүресі, 94-аят 

Енді өзіңе бұйырылғанды (бар күш-жігеріңді аямай) ашық түрде айтып жеткіз. Мүшріктерден теріс айнал (олардың қарсылығына қарама, сөздеріне мүлдем мəн берме). Насафи (Алла оны мейріміне бөлесін) тəпсірі: (Ашық жарияла) – оны жария ет, көрсет. «Дəлелді ашық айтты» дегені – оны бəрі еститіндей дауыстап айту. Немесе «бөл», яғни ақиқат пен жалғанды ажырат деген мағынада. «Саған бұйырылған нəрсе» – діни шариғат үкімдері. «Мушриктерден бет бұр» – бұл оларды менсінбеуді білдіретін əмір.

«Хижр» сүресі, 95-аят

Мазақ қылушыларға қарсы Біздің саған қолдау көрсеткеніміз əбден жеткілікті. Насафи (Алла оны мейріміне бөлесін) тəпсірі: Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, бұл аят пайғамбарды (с.ғ.с)  қатты мазақтап, оған зиян тигізуге тырысқан бес адам туралы түсті. Алла оларды əртүрлі тəсілмен жазалады: Уəлид ибн Муғайра: Оның киіміне садақ оғының жебесі ілініп, өкшесіндегі тамырды кесіп кетті де, содан өліп кетті. Ас ибн Уəил: Аяғының табанына кішкентай тікен кіріп кетіп, аяғы ісіп, ақырында сол ісіктен өлді. Əл-Асуад ибн əл-Мутталиб: Ол көзінен айырылып, көзі көрмей қалды(қараңғыланып) қалды. Əл-Асуад ибн ‘Абд Йағус: Ол басын ағашқа қайта-қайта соғып, бетіне тікен ұрылғанға дейін ақыры азапталып өлді. Харис ибн Қайс: Оның денесі іріңдеп, қатты жараланып, содан қаза болды. Алла осылайша пайғамбарды (с.ғ.с) мазақ еткендердің əрқайсысын Өз жазасымен жоқ қылды.

«Зарият» сүресі, 52-аят

(Уа, Мұхаммед!) Міне, осылайша, олардан (яғни қауымыңнан) бұрынғыларға да (Алладан) пайғамбар келген кезде, олар да: «Бұл я сиқыршы, я болмаса есі ауысқан жынды», – деуден ары аспаған еді. Насафи (Алла оны мейріміне бөлесін) тəпсірі: «Дəл осылай, олардан бұрынғыларға да бірде-бір елші келмеді, олар оған: «Бұл – сиқыршы немесе жынды», – демеген. «Дəл осылай» – яғни, жағдай солардікіндей (бүгінгі күндегідей) болды. «Дəл осылай» деген сөз – кəпірлердің өз елшілерін өтірікке шығарып, оны «сиқыршы» немесе «жынды» деп атағандарына ишара. Содан кейін Алла Тағала алдындағы жалпылама аятты: «Олардан бұрынғыларға келген əрбір елшіге (оларға Алланың сəлемі болсын) олар сиқыршы не жынды деді» деген сөздерімен түсіндірді. Олар (кəпірлер) өздерінің надандығынан пайғамбарларды (оларға Алланың сəлемі болсын) «сиқыршы» немесе «жынды» деп айыптады.

«Зарият» сүресі, 54-аят

Уа, Мұхаммед! Ендеше, (олармен сөз таласқа түспе), олардан сырт айнал! (Оларға қолыңнан келгенше ақиқатты түсіндіруге тырыстың), ендігі жерде саған ешқандай айып тағылмайды. Насафи (Алла оны мейріміне бөлесін) тəпсірі: «Олардан теріс айнал (бет бұр), сен айыпты емессің».Шақыруды (дінді) бірнеше рет жеткізсең де, қырсықтықпен қабыл етпегендерден бетіңді бұр. Сен Алланың хабарын жеткізіп, оны уағыздау жолында бар күш-жігеріңді жұмсағаннан кейін, енді олардан теріс айналғаның үшін саған ешқандай кінə (айып) тағылмайды.

материал «Сәруар» кітабынан алынды, 

ummet.kz