24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Мешіттегі келеңсіз әрекеттер

Мешіттегі келеңсіз әрекеттер

Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) былай әңгімелейді:

«Алла елшісі Хайбарды бағындырған соң елде сарымсақ секілді көкөніс көбейіп, ел оны тұтынуды аз уақыттың ішінде дағдыға айналдырып алды. Бұл әдетке тосқауыл қоймақ болған Алла елшісі: «Мына иісі қолқаны атқан көкөністі жегендер мешітке келмесін!» – деп халқына қатаң ескерту жасады».

Жоғалған нәрсені мешіттен іздеу

Ибн Сирин (р.а.) былай әңгімелейді: «Ибн Мәсғуд мешітте отырған еді. Кенет жоғалған затын іздеген біреудің дауысын естиді. Ибн Мәсғуд дереу әлгі кісіге: «Бізге жоғалған затты мешітке жариялап іздеуге тыйым салынған», – деді».

Мешітте айғайлап сөйлемеу

Саид ибн Язид әңгімелейді: «Бір күні мешітте жатып, көзім ілініп кетіпті. Бір кезде мені біреу ұсақ тас лақтырып оятты. Қарасам, Омар. Маған: «Бар, маған ана екі кісіні ертіп кел», – деп тұр екен. Айтқан адамдарын ертіп келдім. Хазірет Омар: «Қай жерден келдіңдер?» – деп сұрады. Олар: «Таифтен», – деді. Омар (р.а.): «Егер осы жердің жергілікті тұрғындары болғандарыңда, сендерді жауапқа тартар едім. Алла елшісінің мешітінде айғайлап сөйлеуге бола ма екен?» – деп оларға ескерту жасады».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz