24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Кәлима айтқандардың жаһаннамнан шығатындықтары туралы сүйінші

Кәлима айтқандардың жаһаннамнан шығатындықтары туралы сүйінші

Әбу Мұса (р.а.) былай әңгімелейді:

Бірде Алла елшісі: «Жаһаннамда мәңгі қалатын адамдар мен кейбір мұсылмандар кездесіп қалады. Сонда кәпірлер: «Сендер мұсылман емессіңдер ме?» – деп сұрайды. Мұсылмандар: «Иә», – дейді. Кәпірлер: «Мұсылман болып, жаһаннамда қалғандарың қалай?» – деп сұрайды.

Сонда мұсылмандар: «Біздің күнәларымыз бар, сол күнәларымыздың жазасын өтеуге келдік», – дейді. Сосын Алла олардың жаһаннамдағы осы әңгімелерін естіп, мұсылмандарды тозақтан шығаруды әмір етеді. Кәпірлер мұсылмандардың тозақтан шығарылғанын көріп: «Әттең, біз де мұсылман болғанымызда ғой!» – дейді»

Алла елшісі осыны айтып, мына аятты оқыды: «Алиф, ләм, ра. Бұлар – Кітаптың және ап-анық Құранның аяттары. Кәпірлер сол күні мұсылман болуды қатты қалайды» (Хижр, 15/1-2).470

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz