Абдулла ибн Әби Әуфадан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с) былай дейді:
«Жұмақ – қылыштардың көлеңкесінің астында».¹²⁵
Әбу Мұса әл-Ашғариден (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Кімде-кім Алланың сөздерінің асқақ болуы үшін күресетін болса, сөзсіз, ол – Алла жолындағы адам».¹²⁶
Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с): «Ешқашан дінсіз бен оның дұшпаны тозақта бірге болмайды», – деген.¹²⁷
Әбу Һурайра (р.а) Алла Елшісінің (с.ғ.с): «Мұхаммедтің жаны уысында болған Алламен ант етемін, мен Алла жолында күресіп, тер төккенді, кері сол жолда күресіп, тер төккенді және тағы күресіп, тер төккенді жақсы көремін», – дегенін жеткізді.¹²⁸
Сағид ибн Зайдтан (р.а) келген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді: «Кімде-кім малы үшін қаза тапса, ол – шаһид. Діні үшін қаза тапса, ол – шаһид. Қаны үшін қаза тапса, ол – шаһид. Отбасы үшін қаза тапса, ол – шаһид».¹²⁹
Сәһл ибн Хунайфтан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алладан шынайы түрде шаһидтікті сұраған адамға Алла ол адам төсекте жатып қайтыс болса да, шәһиттердің дәрежесін береді», – деді.¹³⁰
Сәһл ибн Сағдтан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Алла жолында бір күні болса да күресу – дүние мен оның ішіндегі барлық нәрседен қайырлы».¹³¹
Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Кімде-кім Алла жолында өжеттік танытпастан, әрі ол туралы ойламастан дүниеден өтсе, ол екіжүзділіктің бір белгісімен дүниеден өткендей болады».¹³²
¹²⁵ Сахих әл-Бұхари, 2818 хадис; Сахих Муслим, 20 хадис.
¹²⁶ Сахих әл-Бұхари, 2810 хадис; Сахих Муслим, 150 хадис.
¹²⁷ Сахих Муслим, 130 хадис.
¹²⁸ Сахих әл-Бұхари, 2797 хадис; Сахих Муслим, 103 хадис.
¹²⁹ Сунан әт-Тирмизи, 1421 хадис; Сунан ән-Насаи, 4095 хадис.
¹³⁰ Сахих Муслим, 157 хадис.
¹³¹ Сахих әл-Бұхари, 2892 хадис.
¹³² Сахих Муслим, 158 хадис.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz