Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с): «Ұят – иманнан. Иман – жұмақта», – деді (Сунан әт-Тирмизи, 2009 хадис).
Абдулла ибн Омардан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с) өз бауырына ұят туралы уағыз айтып отырған адамды көріп:
«Ұят – иманнан», – деген (Сахих әл-Бұхари, 24 хадис; Сахих Муслим, 59 хадис).
Имран ибн Хусайн (р.а) жеткізген хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Ұят тек жақсылық әкеледі» (Сахих әл-Бұхари, 6117 хадис; Сахих Муслим, 60 хадис).
Әбу Масғуд әл-Бадри (р.а) келтірген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Адамдарға пайғамбарлар тарапынан жеткен сөз – «ұялмасаң, білгеніңді істе», – деді (Сахих әл-Бұхари, 3484 хадис).
Абдулла ибн Масғуд(р.а) келтірген хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Шыншыл болыңдар. Расында, шыншылдық жақсылыққа жетелейді. Жақсылық жұмаққа жетелейді. Адам шынайы болып, әрдайым ақиқатпен жүргенде Алла оны «сыддық» дәрежесімен құрметтейді» (Сахих Муслим, 105 хадис).
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz