06 Қазан 2026, Сейсенбі 25 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:17
Бесін 12:07
Екінті 15:53
Шам 17:47
Құптан 19:12

«Мына жеті нәрсені әдет қылып, жеті нәрседен тыйыл» (хадис)

«Мына жеті нәрсені әдет қылып, жеті нәрседен тыйыл» (хадис)

Барра (р.а.) риуаят етті:


«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жеті нәрсеге әдет қылып, жеті нәрседен тыйылуды бұйырды. Мыналарды әдет қылыңдар!», - деді:

1. Жаназаға қатынасуды;
2. Науқастың көңілін сұрауды;
3. Шақырған жерге баруды;
4. Нашар адамға жәрдем беруді;
5. Ант етсе, антында тұруды;
6. Берілген сәлемді алуды;
7. Түшкірген кісі «Әлхамдулилла» десе, оған «Иархамукалла» деуді.

«Ал мына төменгілерден тыйылыңдар!», - деді:

1. Күміс ыдысты пайдаланудан;
2. Алтын сақина тағудан;
3. Жібектен киім киюден (бұл жер ерлерге қатысты айтылған);
4. Дебаж (Гүлді жібектен киім) киюді;
5. Қасий (алагүл матадан тігілген киім) киюден;
6. Истабрақ (атлас сияқты мата) киюден;
7. (Бұл риуаятта 7-ші іс түсіріліп қалдырылған).

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды, 

ummet.kz