23 Шілде 2026, Бейсенбі 9 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:21
Бесін 12:26
Екінті 17:50
Шам 20:20
Құптан 22:17

Адам да, Ібіліс те қателесті, айырмашылық екеуінің жүрегінде

Адам да, Ібіліс те қателесті, айырмашылық екеуінің жүрегінде

Пенде болып жаратылған соң, кемшілік болу қалыпты. Алайда, одан да жаманы бар – оған үйрену.


Адам да, Ібіліс те қателесті. Бірақ, айырмашылық екеуінің жүрегінде болды.

Адам ата қателігін мойындай алды, Ібіліс тәкаппарланды. Яғни, бірі «Мен қателестім» деген себепті Алла оның дәрежесін көтерді. Енді бірі «Мен дұрыс істедім» дегенде оның абыройын түсірді. Демек, мәселе құлауда емес, мәселе — қалай тұратыныңда.

Тәубе ету – әлсіздік емес, рухтың тірі екенін дәлелдеу. Кейде ең үлкен батырлық — өз қателігіңді мойындау. Өйткені, Аллаға ең жақын адам — қателессе де, қайта оралған адам.
Бір қылмыскер 99 адамды өлтіріп, көреген деген бір адамнан барып:
— «Маған кешірім бар ма?» — деп сұрайды. Сонда ол кісі: «Жоқ!» — деп жауап береді. Әлгі адам оны да өлтіріп, қылмысының саны 100-ге жетеді. Кейін ғалым адамға барып, жағдайын түсіндіріп, ісінің үкімін сұрағанда:

— «Кім сені Алланың мейірімінен үміт үздірді? Тәубе есігі ашық. Бірақ, бұл күнәға итермелейтін ортаңнан алыста», — деп кеңесін айтады.

Сөйтіп, тәубе еткен қылмыскер еліне қайтпақ болып сапарға шыққанда, орта жолда қайтыс болып, өмірден өтеді. Періштелер оның жәннаттық не тозақтық екендігін білу үшін қадамдарын санайды. Кейін оның басқан іздері жақсылыққа, яғни «тәубеге жақын еді» деп, жәннатқа кіргізеді екен.

САҒАН ТӘУБЕНІҢ ЕСІГІ ЕШҚАШАН ЖАБЫЛМАЙДЫ!

материал «Сен керексің!» кітабынан алынды,

ummet.kz