02 Қыркүйек 2026, Сәрсенбі 20 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:49
Күн 05:24
Екінті 16:58
Шам 19:03
Құптан 20:37

Тақуалықтың сүйінші хабары: Садақаның қабыл болуы

Тақуалықтың сүйінші хабары: Садақаның қабыл болуы

Ол болса: «Расында, Алла өзіне тиісінше тағзым ететін һәм қарсы келмейтін тақуа құлдарынан ғана қабыл алады».


Имам Нәсәфи (Алла оны рақымына бөлесін): (Бұл әңгіме Адам Алланың сәлемі болсын балалары Һәбил мен Қабилдің оқиғасы).

Ол: «Расында, Алла тек тақуалардан ғана қабыл етеді», – деді.

Тақдирі (жасырын мағынасы) былай: «Неге мені өлтіргің келеді?» – деді.

Ол: «Өйткені Алла сенің құрбандығыңды қабыл етіп, менікін қабыл етпеді», – деді.

Сонда ол: «Расында, Алла тек тақуалардан ғана қабыл етеді. Ал сен тақуа емессің. Саған келген нәрсе менен емес, тақуалық киімінен айырылған өз нәпсіңнің кесірінен болды», – деді.

Амир ибн Абдуллаһ (Алла одан разы болсын) туралы риуаят етіледі: Ол қайтыс болар сәтінде жылаған екен.Сонда оған: «Сен осындай ізгі амалдар жасаған адам бола тұра, неге жылайсың?» – делінді.

Сонда ол: «Өйткені мен Алланың: «Расында, Алла тек тақуалардан ғана қабыл етеді» деген сөзін естимін», – деді.

материал «Сүйінші» кітабынан алынды, 

ummet.kz