24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Нәпсінің кемшілігі – жұрт көрсін деп әрекет етуі

Нәпсінің кемшілігі – жұрт көрсін деп әрекет етуі

Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – құлшылықтарын көрсетуді, сол арқылы адамдар танып жүруін жақсы көруі һәм жұрт алдында көркем болып көрінуді тілеуі.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы:Барша жаратылыс атаулының пайда да, зиян да тигізе алмайтындығына көз жеткізу. Осы кемшіліктен арылу үшін әрбір іс-әрекетінде ықыласты болуды нәпсісінен талап қылу. Өйткені Алла Тағала: «Оларға да хақ дінді шын ықыласымен қабылдап, таухид сенімімен бір Аллаға риясыз құлшылық ету бұйырылған еді», – дейді («Бәйинә» сүресі, 5-аят).

Сондай-ақ пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) Алла Тағаладан жеткізген қудси хадистерінің бірінде былай деген: «Кімде-кім бір іс істеп, оған Менен өзге біреуді ортақ қосса, Мен одан аулақпын. Ол сол ортақ қосылғанға тиесілі».

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz