09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Нәпсінің кемшілігі: Тақуа болып көріну

Нәпсінің кемшілігі: Тақуа болып көріну

Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – азғындардың амалын жасап жүріп тақуалардың киімін киіп жүруі.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы:

Ішкі жан дүниесін түзетпейінше, тақуа боп көрінуді қою. Адам тақуалардың киімін кигеннің өзінде барша іс-әрекетінің, тым болмаса, кейбір іс-әрекетінің өзінің тұлғалық қасиетіне, мінезіне сай келуіне аянбай еңбектенуі керек. Өйткені бір хабарда: «Кісіге жүрегі күнәһар бола тұра адамдардың оны Алладан шынайы қорқатын пенде деп көруі күнә ретінде жеткілікті», – деп айтылған.

Ғұлама Әбу Усман: «(Пенденің) сырты тақуалық бейнесінде, ал жүрегі күнәһарлықтан арылмаса, күнә жасаудан тыйылмайды», – деген.

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz