09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Нәпсінің кемшілігі: Дүниелік достық

Нәпсінің кемшілігі: Дүниелік достық

Нәпсінің кемшілігі – қатар кұрбы-құрдаспен, жолдас-жорамен араласуға, қатынасып тұруға көңілі ауып тұруы.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы: Пенде қалай болғанда да жолдастың ажырап кететіндігін, қатынастың уақыты келгенде үзілетіндігін білуі керек. Пайғамбардан (с.ғ.с) жеткен мынадай бір дерек бар.

Жәбірейіл періште пайғамбар Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с): «Қанша ғұмыр кешсең де, түбінде өлесің. Кімді сүйсең де, ақыр соңында одан ажырайсың. Қалағаныңды істе, бәрібір жазасын көресің», – деген екен (Суюти).

Ғұлама Әбул-Қасыл әл-Хаким (Алла рақымына бөлесін): «Саф достықтан басқа достық дұшпандық. Сауапты іске жұмсалмаған дүние-мүліктен өзге жинаған дүние-мүлік қасірет. Дертке дауа болар қарым-қатынастан бөтен қарым-қатынас пайдасыз араласу», – деген екен.

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz