09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Нәпсінің кемшілігі: Діндар болып көріну

Нәпсінің кемшілігі: Діндар болып көріну

Нәпсінің келесі кемшілігі – сыртқы көрінісін көркейтумен шұғылдануы, (бойында Құдайдан) қорқу болмаса да, қорыққан болып көрінуі, шын көңілмен, алаңсыз құлшылық етпеуі.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы:

Пенде ішкі нұры сыртқы іс-әрекетінде көрініс табуы үшін ішкі жан дүниесін (әртүрлі рухани дерт атаулыдан) сақтауға тырысуы қажет. Егер осыны жүзеге асырса, ешбір әсемдік бұйымын қолданбай-ақ әсем, ешбір күзетсіз айбатты һәм әулетінің қолдауынсыз қадірлі болады. Сол себепті Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ішін түзеген кісінің Алла сыртын түзейді», – деген (Дәйлами).

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz