10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Мына бес адаммен ешуақытта дос болма!

Мына бес адаммен ешуақытта дос болма!

Әбу Жағфар Мұхаммед бин Әли Бақир былай дейді:

Әкем маған: «Балам! Бес кісімен ешуақытта жолдас болма, олармен әңгімелеспе және жолда серік болма! – деді.

– Құрбаның болайын әке, ол бесеуі кім?, - деп едім, әкем:

– Пасықпен жолдас болма, ол бір асқа бола немесе одан да төменіне сені сатып жібереді, - деді.

– Әке! Одан да төмені не?

– Дәметіп, қолы жетпеген нәрсе.

– Әке! Екінші адам кім?

– Сараңмен жолдас болма. Өйткені, ол саған ең керек кезде мал-дүниесін бермейді.

– Әке! Үшіншісі кім?

– Өтірікшіні жолдас етпе, ол сағым сияқты жақынды сенен алыстатып, алысты саған жақын етіп көрсетеді.

– Әке, төртіншісі кім?

– Ақымақпен жолдас болма. Өйткені, ол саған пайда беремін деп зиян тигізеді.

– Әке, бесіншісі кім? - дегенімде:

– Туысқанымен ара-қатынасын үзгенмен жолдас болма, өйткені ондай адамның Құранда үш орында лағынеттелгенін көрдім», - деп әкем өсиет еткен еді.

P.S. Дос – араб тілінде «садық», яғни, шыншыл деген сөзден туындайды. Демек, дос  – әр жағдайда сізбен шыншыл, қарым-қатынастағы бауырыңыз.



материал «Әке тәрбиесі» кітабынан алынды,

ummet.kz