Бастауыш сынып мұғалімі оқушыларынан Құдайдан не тілейтіндері туралы эссе жазуды сұрайды. Кешке эсселерді тексеріп отырып, өзін қатты толқытқан біреуін оқи бастады. Бөлмеге кіріп келген күйеуі оның жылап отырғанын көріп, не болғанын сұрады.
Сонда ол:
– Мынаны оқып көрші. Бұл менің бір оқушымның шығармасы, – деп қағазды ұсынды.
«О, Құдайым, бүгін мен Сізден ерекше нәрсе сұраймын. Мені теледидарға айналдырыңыз. Мен онымен орын ауыстырып, үйімде теледидар сияқты өмір сүргім келеді. Сол секілді ерекше орным болғанын, сөйлегенде мені тыңдағандарын, қабылдағандарын, айналамда отбасым қоршап отырғанын қалаймын. Мен назардың ортасында болғым келеді. Еш кедергісіз және сұрақсыз мені тыңдағандарын қалаймын. Теледидар қосылмай тұрғандағы құрмет пен қамқорлыққа мен де ие болғым келеді.
Жұмыстан үйге келгенде, тіпті шаршаған кезде әкем өзіне серік қылатын теледидар болу – арманым. Анамның мені елемеудің орнына, қайғы мен реніште менімен бірге болуды қалайтынын сезінгім келеді. Ағаларымның мен үшін таласқандарын қалаймын. Жанұямның бәрі менімен біраз уақыт өткізу үшін, барлық жұмысын ысырып қойып мені көргенін қалаймын.
Соңғысы, бірақ өте маңыздысы, мен олардың бәрін бақытты етіп, қызықтыра алсам ғой. Құдайым, сенен көп нәрсе сұрамаймын. Мен жай ғана теледидар секілді өмір сүргім келеді».
Шығарманы оқып болған күйеуі:
– Құдайым-ай, байғұс бала. Ата-анасы неткен адамдар өздері! – дей бергені сол еді, әйелі оған қарап:
– Бұл біздің ұлымыздың эссесі! – деді...
материал «Өмірдің мәні не?» кітабынан алынды,
ummet.kz