09 Қыркүйек 2026, Сәрсенбі 27 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:03
Күн 05:35
Бесін 12:17
Шам 18:48
Құптан 20:19

Бұл аят әйел бойындағы ұятты сипаттайды

Бұл аят әйел бойындағы ұятты сипаттайды

«Сонда екі қыздың бірі, ұялған түрде келіп: «Әкем бізге мал суарған ақыңды беруге сені шақырады», деді» («Қасас» сүресі, 25).


Бұл аятта қыздың бойындағы ұяты бірнеше тараптан сипатталады.

Біріншіден, аятта «ұят» деген сөздің алдында деген септеулік шылау тұр. «فجاءته» дегеннің мағынасы «бір нәрсенің үстіне» дегенді білдіреді. Сонда қыздың ұяттың үстімен жүруі деген мағынада айтылуы арқылы қасиетті Құран қыздың бойындағы ұяттың қандай дәрежеде кемел болғанын жеткізілуде.

Екіншіден, аятта «Сонда екі қыздың бірі, ұялған түрде жүріп келіп...», – делінген аятта қыз баланың жүрісінде де оның ұяты білініп тұрғаны баяндалған.

Үшіншіден, кейбір ғалымдар аятта «жүру» сөзінен кейін «уақф» яғни тоқтау белгісі бар екенін айтқан. Егер бұл жерде тоқтау болса, аяттың жалғасында «...ұялған түрде айтты» деген мағына шығады. Бұл ұста қыздың сөздегі әдебі мен ұяты айтылуда.

Төртіншіден, бұл аятта «адам ұялса, қоғаммен араласа алмай қалады, күнін көре алмай қалады» деп пайымдайтын жандарға жауап бар. Шұғайып пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) қыздары кемел ұят сипатымен сипаттала тұрып, мал бағуы, әкелеріне болысуы, әкесінің жұмысымен Мұса пайғамбарды шақырып келуі сияқты істерді атқарған. Демек адам баласының ұяты қоғамдық жұмыстарды атқаруына кедергі болмайтыны көрсетілуде.

Бесіншіден: Ғалымдар осы аятқа үңіліп, ер адамның бойындағы ең жақсы сипаты – күштілік пен сенімділік, ал әйел адамның бойындағы ең жақсы сипат ұят деп ғибрат айтқан.

Сондықтан да ер адам болып, әйел адам болып ұят оның бойындағы ең маңызды сипаттардың біріне айналуы қажет. Бұл оның имандылығының көрінісі деп танылады.

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Иманның жетпістен не алпыстан астам тармағы бар. Оның ішіндегі ең жақсысы – «Алладан басқа Тәңір жоқ» (Лә иләһә иллал-лаһ) деп айту. Ең төменгісі – жолдың бойынан адамдарға кедергі жасайтын затты алып тастау. Ұялу да иманның бір тармағы болып саналады» (Мүслим 35), – деген.

Алла Елшісі бұл хадисінде иманның ең жақсысы мен төменгі тармақтарын айта келіп, ал ұялуды соңынан жеке айтуында үлкен мән бар. Өйткені, ұялу иманның қалған барлық тармағын атқаруға себепші болады. 

материал «Көркем мінез» кітабынан алынды, 

 ummet.kz