09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Даналық, хикмет дегеніміз он түрлі істі істеумен келеді

Даналық, хикмет дегеніміз он түрлі істі істеумен келеді

Лұқман ұлына былай деп өсиет етіпті:

«Ей, ұлым! Даналық, хикмет дегеніміз он түрлі істі істеумен келеді. Олар: өлі жүрегіңді тірілтуің; міскінмен бірге отыруың; ұлықтардың мәжілістерінен аулақтау; төмен адамды жоғарылатуың; құлдарды азат етуің; ғаріпке пана болуың; пақырды байытуың; даңқтының даңқын, мырзаның мырзалығын арттыра білуің. Хикмет мал-дүниеден артық. Ол – қауіптен сақтаушың, соғыстағы құралың, базардағы тауарың. Бәлеге душар болғанда шапағатшың, өз нәпсіңе сенімің қалмаған кездегі көшбасшың, киімің болмаған кезде шапаның».

материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,

ummet.kz