02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

«Менің мешітіме кел»

Жаһан
Жарнама

Ұлыбритания мұсылман кеңесі қазіргі қоғамға қалыптасқан мұсылман халқына қатысты жағымсыз жағдайларға қарсы күресті өзгеше жолмен жүргізеді.

Кеңестің мақсаты – қоғамды біріктіру, сенімді нығайту және әртүрлі конфессия және сенім өкілдері арасындағы өзара түсіністікті дамыту. Кеше осындай игі мақсатта Ұлыбританияның 150 мешітінде «Менің мешітіме кел» атты акция ұйымдастырылды.

Аталмыш акцияға қатысушы мешіттер туралы www.visitmymosque.org/find. сайтында толық мәліметтер жарияланған.

«Бұл мұсылман көршілер туралы көбірек білуге берілген жақсы мүмкіндік. Дастархан басында, жайлы жағдайда бас қосуды әрқашанда күтеміз. Біз ислам діні мен мұсылман мәдениетіне қатысты сіздерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап береміз. Кездесу соңында сіздерде «біз расымен де соншалықты бөтенбіз бе?» деген сауал туады. Біз баршаларыңызбен ашық диалогқа дайынмыз» делінген сайт мәлімдемесінде.

Айта кетсек, мұндай акция Тұманды Альбионда өткен жылы да ұйымдастырылды. Осы уақытта #VisitMyMosque хэштегімен әлеуметтік желілерде мыңдаған жазбалар мен пікірлер қалдырылды.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: