16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Әмірлік халқы Жаратқаннан жаңбыр сұрайды

Жаһан
Жарнама

Бүгін Біріккен араб әмірлігінде Жаратқаннан жаңбыр сұрау туралы жалпыұлттық құлшылық белгіленді.

Жалпыұлттық намазға БАӘ президенті шейх Халифа бен Заед әл-Нахайян барша әмірлік тұрғындарын шақырды.

Қазіргі уақытта әмірлікте түн мезгілінде -11, күндіз +24 градус жылылықты көрсетіп тұр.

Жаратқаннан жаңбыр сұрау ислам шариғатында сүннет амалдарға жатады. Жамағат болып бұл намазды оқуға ниеттенген адам оған тиісінше әзірлік жасайды: үш күн ораза ұстап, күнәларының кешірілуін тілейді, реніші бар таныстарынан кешірім сұрайды, қарыздарын өтейді, мүмкіндігінше көбірек қайырымдылық істерімен айналысады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: