02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Қағбаның іші қандай? (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

Қағба – ислам әлемінің қастерлі орны. Мұнда күн сайын миллиондаған мұсылман құлшылық жасауға келеді. Бұл – әлем бойынша халық ең көп және жиі келетін қасиетті мекен.

Қағбаның ішкі көлемі 180 шаршы метрді қамтиды және электр жарығы жоқ. Кірген адам ең алдымен – пайғамбар сахабасы Абдалла ибн аз-Зубейр тұрғызған үш ағаш бағананы көреді. Бағаналар ғимараттың төбесін ұстап тұрады. Бағананың жоғарғы тұсында көлденең керме ағаштары бар. Онда көптеген ескі шамдар ілінген.

Қабырғалар мен еден тұтастай мәрмәр тақтай төселген. Бір тақтай мен михраб басқаларынан өзгешеленген. Ол қызғылт түсті және дөңгелек бұрышты. Кіре беріс есіктің қарсы бетінде орналастырылған тақтайшаның беті әбден сүрілгені көзге бірден байқалады.

Қабырғаның жоғарғы тұсы жібек материалмен жабылып, онда алтын жіптермен Құран аяттары мен кәлима шахадаты жазылған. Жазбалар ою-өрнек түрінде бірнеше қайтара көшірілген. Сыртқы жабынды секілді ішкі материалдар да жылына бір рет жаңартылады.

Оң жақ қапталда алтын жаталыған кіші есік бар. Ол тәубеге келі есігі деп аталады (баб-ат-тауба). Оның артында шатырға шығатын баспалдақ орналасқан. 

Kagba1

Kagba3

Kagba2

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: