19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Ұмра қажылық көлемі екі есеге көбейді

Жаһан
Жарнама

Сауд Арабиясы Ұмра және қажылық министрлігі 1 қарашан бері 370 мың визаны қажылыққа берген. Бұл жайында ведомство мәліметіне сілтеме жасап Saudi Gazette басылымы хабарлады.

Министрдің орынбасары Иса Ровастың айтуынша, бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 30 000-ға артық. Ол қажылық көлемінің артуын қасиетті қос қаладағы қызмет сапасының жоғарылауымен түсіндірді.

Бұл қызметтер қатарына қажыларды орналастыру, тасымалдау, сондай-ақ, азық-түлік жеткізу, т.б.кіреді. қазіргі уақытта Сауд Арабиясына 115 мың қажы келген. Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге жоғары. Өткен жылы осы уақытта кіші қажылыққа 57 мың шетелдік мұсылман келген болатын.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: