18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Мәскеу «Мешіттегі ашық есік күндерін» өткізеді

Жаһан
Жарнама

Мәскеу мұсылмандары діни басқармасы қалалық дәстүрлі «Діндер түні» шарасының орнына «Мешіттегі ашық есік күнін» өткізу туралы шешім қабылдады.

Аталмыш акция аясында кез келген қала тұрғыны мен қонақтары мешітке келуіне, ислам діні мен мұсылман мәдениетімен жақынырақ танысуына болады.

Астаналық діни басқарма түн мезгілі мұсылман қауымы үшін қолайлы саналмауы себепті «Діндер түнінен» гөрі күндізгі уақытта «Мешіттегі ашық есік» акциясын ұйымдастырғанды дұрыс деп шешкен.

Акция барысында Ресей астанасындағы төрт мешітте – Орталық мешіт, Үлкен Татар тарихи мешіті, Мемориалды мешіт және «Ярдем» мешітінде шаралар өткізіледі. Жоба аясында қонақтарға мешітте арнайы экскурсия ұйымдастырылып, ислам діні жайында кеңінен мағлұмат беріледі. Сонымен қатар, мешіт алаңында арнаулы конференциялар, кітап көрмелері мен каллиграфия өнері бойынша шеберлік сабақтары да ұйымдастырылмақ. Мәскеу мұсылмандары жоба авторлары және жергілікті биліктің келісімі болса, осы шараларды күз айында өткізуге әзір. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: