16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Әйнекпен әшекейленген мешіт (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

Австралияның Ньюпорт қаласында жақын уақытта әлемдегі ең ерекше мешіттердің бірі бой көтереді.

Ғибадат үйінің құрылысы әйнектен тұрғызылмақ, осылайша әр адам құлшылық залында не болып жатқанын көре алады. Мешіт келесі жылдың басында ел игілігіне берілмек.

«Мен Таяу Шығыстағы дәстүрлі мешіт үлгілерін қайталағым келмеді, оның үстіне қазіргі қоғам ашықтықты, жариялылықты, еркіндікті қалайды. Сол себепті осындай әдемі жерге мұсылмандар келіп құлшылық етіп, осы көріністі өзге дін өкілдері көре алатындай болса деген жоспарды басшылыққа алдық» дейді мешіт сәулетшісі Гленн Меркат.

Айта кету керек, мұсылман қауымының ішінде қариялар жағы мұндай жобаға басында үрке қарады, ал мұсылман жастары соны жаңалыққа қолдау білдірді. Жергілікті мұсылмандардың қаражатына тұрғызылып жатқан кешенде кітапхана мен мейманхана да салынады.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: