02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Түркия мешіттерінде балалар бөлмесі ашылды

Жаһан
Жарнама

Түркияда балалар бөлмесі қарастырылатын мешіттер санын көбейту жоспарлануда, деп жазады Daily Sabah басылымы.

Енді Ахмет Аксеки мешітіне келетін отбасылар алаңсыз тарауих намаздарын оқуына болады. Осы уақытта балалары арнайы бөлмеде ойын қызығына кіріседі. Бұл мешіт Анкара қаласында орналасқан. Күніне ата-анасымен бірге келген 50-ден 100-ге дейін балаларды қабылдайды.

«Әлі күнге тек оң пікірлер естіп келеміз. Сондықтан, біздің мешіт – мешіт ғимараттарында балалар бөлмесін ұйымдастыру бойынша ауқымды жобаның бастау деп білеміз. Ата-аналар намаздарын оқып біткенше балалар осы аймақта ойнай тұрады. Біз мешітке келушілерге барынша қолайлы жағдай жасағымыз келеді. Балалар мешіттен жаңа достар табады. Ал мешіт қаланың әр бөлігіндегі адамдардың басын қосады, ауызбіршілікті арттырады» дейді  мешіт азаншысы Мансұр Сағыр. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: