26
Жұма,
Сәуір

һижри

Катарлық бала Қағбаны қолымен тәуап етті (ВИДЕО)

Жаһан

Дүние есігін денесінің төрттен бір бөлігі кем күйде ашқан Ганим әл-Муфтах есімді катарлық бала өзінің алғашқы тауабын жасады. Ол мүгедектік арбасынан бас тартып, Қағбаны өз қолымен (!) "жүріп", айналып шықты.

Әл-Харам мешітіне келіп құлшылық жасау оның ең ізгі арманы болды, деп жазады marwa.ru.

15 жасар Ганим туылғалы дертке шалдыққан. Каудальды регрессия синдромы 60 мың жағдайдың бірінде қайталанады. Ана құрсағында зақым келген кезде сәбидің төменгі дене бөлігі жетілмей қалады. Тіптен, операция жасалғаннан кейін де мұндай жағдайда туылған бала аяқсыз өседі. Ганим секілді адамдар өмір бойына дәрігерлердің көмегіне мұқтаж.

Ганим туылған кезден бері қолын әсте бос қойған емес. Ол өз өмірі арқылы, тіптен, аяқсыз болса да өмірге деген құлшынысы жоғары, ақылды адам болып өсуге болатынын дәлелдегісі келеді. Ганим скейтбордпен жүру тәсілдерін де меңгерген және осы спорт түрін жақсы көреді. Сонымен қатар, әртүрлі ойындарды, доппен ойнау, жүзу, алыс қашықтықта нысана көздеу және әскери жаттығу әдістеріне де бейім.

Оның ең ұлық арманы Сауд Арабиясының Туризм және ұлттық мұралар жөніндегі комиссия басқармасы тқрағасы, ханзада Сұлтан бин Салманның ұсынған ұмра қажылығымен іске асты. Ханзада жеке өзі Ганим мен оның отбасын Меккеде күтіп алу, қасиетті орындарға құлшылық жасауына жағдай жасау жөнінде арнайы тапсырма берген.

Жұма күні түнгі намаздан кейін Ганим әл-Муфтах арманына қол жеткізіп, әл-Харам мешітіне аяқ басты. Ұмра қажылығын өтеп, Қағбаның қара тасын сүйді.

Катарлық жас бала осындай жылы қабақ танытып, қабылдағаны үшін Сұлтан ханзадаға, қажылықта қамқорлық көрсеткен қасиетті қос мешіттің сақшысы Сауд Арабиясы патшасы Салман бен Әбдел Әзизге ыстық ықыласы мен тілегін арнады.

 

{youtube}ahJlrAQSo9c{/youtube}

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: