26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Кітап дәмханасы» тегін тамақ ұсынады

Жаһан

Түркияның Орду қаласында «Кітап дәмханасы» ашылды.

Мұнда келген әрбір адам кітап оқуы тиіс, есесіне тегін тамақтана алады. Олар дәмханада қанша уақыт отырса да ерікті. Себебі, ерекше мәзір ұсынатын дәмхана тәулік бойына жұмыс істейді.

Тегін мәзірге – шәй, кофе, су, макарон, сорпа мен жеңіл тағамдар, снэк пен крекерлер бар. Тұтынушылар тағамның барлық түріне тапсырыс беруіне де болады. Бұрын-соңды болмаған бастама авторлары бұл жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді деген сенім білдіреді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: