27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Ресей мектептері дін сабағына ден қойды

Жаһан

Ресей Мемлекеттік думасы Білім жөніндегі комитеті бірнеше ұсыныстарды жария етті.

Комитет өкілдері қазіргі уақытта төртінші сынып бағдарламасында оқытылатын «Діни мәдениет мен зайырлылық этикасы негіздері» курсын кеңейтуді ұсынады. Парламент мүшелерінің айтуынша, бұл курс орта мектеп бағдарламасында 2-10 сынып аралығында өткізілуі тиіс. Осы ұсыныс қабылданған жағдайда дін негіздері мектептегі орыс тілінен кейінгі ең ұзақ мерзім оқытылатын екінші пән болады.

Сонымен қатар, комитет мүшелері рухани-моральдық тәрбиелеу бойынша арнайы сарапшылар кеңесін құру мәселесін көтерді. Аталмыш кеңес мектеп бағдарламасы мен оқулықтарын, оның ішінде математика, физика мен химия, басқа да пәндердің әдеп-этика нормаларына сәйкес жүргізілуін тексеретін болады. Қазір мектеп оқулықтары үш деңгей бойынша бақылаудан өтеді: Ресей ғылым академиясы және Ресей білім және қоғам академиясы арқылы ғылыми, педагогтық сипаттары сарапқа салынады.

         ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: