Имам Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша, қажылық жасауға мүмкіндік туған мезетте оны орындау керек.
Әйел кісі махрамсыз Ұмраға бара ала ма?
Ханафи мәзхабы мен Ханбали мәзхабы бойынша, кіші қажылық болсын, үлкен қажылық болсын, қашықтағы (ең аз үш күндік) әйел адам қасында ері не махрамы болмай (әкесі, інісі, ағасы, баласы, қайын атасы т.б.) өз бетінше бара алмайды. Барған жағдайда, ұмрасы не қажылығы саналғанымен, махрамсыз барғаны үшін күнә жасаған болады.
Қажылыққа тек Алла шақырған адам бара ма?
Саид қажылықтан кейін Жидда әуежайының күту залында отырған болатын. Оған қарама-қарсы тағы бір қажы орын тепкен.
Сауабы қажылыққа тең 5 ізгі амал
Хадистерде көрсетілгендей, бұл 5 амалды орындағаныңыз үшін сөзсіз қажылыққа барғандай сауап жазылады:
Қажылықтың ең абзалы қандай?
Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.) былай дейді: «Расулалладан (с.а.с.): «Қажылықтың ең абзалы қандай?» – деп сұралды». Сонда ол (с.а.с.): «Дауыстап тәлбия айтып, құрбан шалу арқылы орындалған қажылық» деп жауап берді».
Ұмра қажылығының үлкен қажылықтан айырмашылығы
Ұмраның парызы екеу: ихрам және тауап.
Қажылыққа кедергі кейбір жағдайлар
Қажылық жасау барысында кейбір мәселелер кедергі келтіреді:
Қасиетті Қағба тарихы қалай басталғаны жайында деректер
Қағба әл-Мүшрифа – Мәсжид Харамның дәл төрінде орналасқан. Қағба – Алла тағаланың Жер бетіндегі алғашқы үйі. Ол туралы Құран кәрімдегі «Әли Имран» сүресінің 96-аятында былай делінген: «Шындығында, адамдар құлшылық ету үшін салынған алғашқы Үй – Беккеде (Меккенің көне аты). Ол берекелі және ғаламдардағы ақиқат жолды көрсетуге қызмет етеді».
Мұсылман қажылық жасамастан бұрын мына шарттарды орындауы қажет
Мұсылман қажылық жасамастан бұрын мына шарттарды орындай алатынына көзі жету керек:
Умра ғибадатының үкімі қандай?
Умра (араб тілінде) – зиярат ету деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – белгілі бір уақыттан тыс жылдың кез-келген уақытында ихрамға кіріп, тауап және сағи жасағаннан кейін шашты алғызып немесе қысқартып, ихрамнан шығу жолдарымен атқарылатын ғибадат.
Қажылыққа бару үшін ақшаны қалай жинау керек?
Жылда біз өзіміздің туыстарымызды, достарымызды, жұмыстастарымызды өмірлеріндегі ең ұлы сапарға - Меккеге, қажылыққа шығарып саламыз. Олардың жүздеріндегі үлкен үміт пен қуанышты көргенде бірге қуанысып, көңіліміз алып ұшып, өзіміз бара алмасақ та, дұғаларымызды парақтарға ретімен жазып беріп, "Менікін оқуды ұмытып кетпеңіз" - деп, тапсырып, қайта оралғанда қабыл болған дұғамызды арқалап келетіндей жолдарын асыға күтеміз.