10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

Тағдыр мен қазаның айырмашылығы

Тағдыр мен қазаның айырмашылығы

Иман шарттарының алтыншысы– тағдыр мен қазаға, жақсылық пен жамандықтың Алла Тағаланың жаратуымен болатындығына сену.

Діни термин ретінде “тағдыр” мен “қазаның” мағыналары:

Тағдыр: Әлемде болатын құбылыстардың мезгілін, орнын, ерекшеліктерін және қалай болатынын Алла Тағала ежелден біліп, тағдыр етіп, белгілеп қоюын “тағдыр” дейді.

Қаза: Алланың ежелден тағдыр еткен құбылыстарды мезгілі келгенде осы тағдырда жазылғандай жаратуын “қаза” дейді.

Егер қадарды (тағдырды) бір жоспарға ұқсататын болсақ, “қаза” – жоспарға сәйкес сол нәрсенің жүзеге асырылуы. Әлемде болып жатқан және пайда болатын кез келген нәрсе Алланың білуі, қалауы және жаратуымен болады. Одан басқа жаратушы жоқ.

Тағдыр мен қазаға иман келтіру – жақсылық пен жамандықтың Алла тарапынан белгіленіп, уақыты келісімен орындалатынына сену дегенді білдіреді.

материал «Ислам ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz