Барша мұсылманға белгілі дүние ол тек Алланың атымен ант ішу. Ал енді қасиетті Құранда уақытпен, белгілі бір елді мекенмен ,өсімдікпен немесе Пайғамбар ғұмырымен ант ішсе Алла құзырында дəрежесі жоғары екендігін білдіреді.
«Хиджр» сүресі, 72-аят
(Уа, Мұхаммед!) Сенің өміріңмен ант етейін! Шүбəсіз, олар (нəпсіқұмарлыққа бой алдырған күйде) мас болып, мəңгіріп жүр. Тəпсір Нəсəфи (Алла оны мейіріміне бөлесін): «Сенің ғұмырыңа ант етемін! Расында, олар өздерінің мастық
күйінде сандалып жүр» — яғни, олар өздерінің ақылдары мен дұрыс пен бұрысты айыра білу қабілетін жойған адасушылықтарының ішінде еді. Сенің оларға ер балаларды қалдырып, қыз балаларды тəрк етуді доғаруды нұсқаған дұрыс кеңесіңді түсіне алмады. Сондықтан олар абдырап, сандалып жүрді. Мұндай күйде олар сенің сөзіңді қалай қабылдап, насихатыңа қалай құлақ ассін? Немесе бұл сөздің қаратпасы — пайғамбарға (с.ғ.с) арналған. Бұл — оның (с.ғ.с) өмірімен ант ету. Алла Тағала ешбір адамның өмірімен ант (с.ғ.с) өмірімен ғана ант етіп, оны (с.ғ.с) етпеген, тек пайғамбардың ұлықтаған.
«Ясин» сүресі, 1-2-аяттары
Тəпсір Нəсəфи (Алла оны мейіріміне бөлесін): Ибн Аббас (Алла оған жəне əкесіне разы болсын): «ﻳﺲ» — Тайй тайпасының тілінде «Ей, адам!» деген мағынаны білдіреді. Ибн əл-Ханафия (оған Алла разы болсын): «Ей, Мұхаммед! .деген мағынада
(с.ғ.с)» деді. Хадисте былай делінген: «Расында, Алла Тағала Құранда мені жеті есіммен атады: Мұхаммед, Ахмад, Таһа, Ясин, əл-Мүззəммил, əл-Мүддəссир жəне Абдуллаһ». Сондай-ақ, кейбір ғалымдар «يس» сөзін «Ей, мырза!» деген мағынада
түсіндірген. «Хикметке толы Құранмен ант етемін» — яғни, хикмет иесі болған Құранмен ант. «Хаким» сөзіне бірнеше түсіндірме берілген: Құранның өзі хикметке толы. Ол хикметті сөйлеп тұрған, оған нұсқайтын айқын дəлел. Немесе Құран — хикмет иесі болған Алланың сөзі. Сондықтан Құран иесінің (Алланың) сипатына байланысты «хаким» деп сипатталған.
«Бəлəд» сүресі, 1-2-аяттары
Мына қалаға (қасиетті Меккеге) серт! (Уа, елшім) Сен осы қаланың (қасиетті болуына мол үлес қосқан) тұрғынысың. Нəсəфи (Алла оны мейіріміне бөлесін) тəпсірі: «Осы қаламен ант етемін» — Алла Тағала қасиетті қаламен жəне одан кейінгі нəрселермен ант етіп, адам баласының қиыншылықтар мен азаптарды тарту үшін жаратылғанын білдіреді. «Сен бұл қалада (рұқсат етілген/ие) тұрушысың» — яғни, қиыншылықтың бір түрі мынау: сендей ұлық əрі құрметті адамды олар осы қалада, харам емес жердегі аңды адал санағандай, саған қарсы барлық нəрсені адал деп санайды. Олар осы қалада аңды өлтіруді харам санайды, бірақ сені (Меккеден) шығаруды жəне өлтіруді адал санайды. «Сен бұл қалада (рұқсат етілген/ие) боласың» — яғни, болашақта сен осы қаланың иесі боласың, онда қалағаныңша жауларыңды өлтіріп, (с.ғ.с) ашып беріп, оны оған (с.ғ.с) тұтқынға аласың. Алла Тағала Меккені оған адал (рұқсат) етті. Бұған дейін Мекке ешкімге ашылмаған жəне ешкімге адал етілмеген еді. Ол қалағанына рұқсат беріп, қалағанын харам етті: мысалы, Кағбаның жамылғысына жабысып тұрса да Ибн Хаталды, сондай-ақ Миқяс ибн Субаба мен басқаларын өлтіруге бұйырды. Сен бұл қалада (ие) боласың» деген сөзінің болашаққа қатысты екеніне дəлел: «Расында, сен де өлесің, олар да өледі» деген аят. Бұл сөздің болашақты білдіретініне тағы бір дəлел: бұл сүре толығымен Меккеде түскен. Ол кезде һижрет (Мединеге көшу) қайда, ал Меккенің ашылуы (Фатх) қайда?
«Бәләд» сүресі, 3-аят
Сондай-ақ қадірлі əке (Ибраһим) мен қадірлі перзентке (яғни, Ибраһимнің ұрпағы Мұхаммедке) серт! Кейбір тəпсіршілер мұндағы «əке» дегенді Адам пайғамбар (оған Алланың сəлемі болсын) деп түсіндірген. Бұл жағдайда аяттың мағынасы жалпы болып, оның барлық ұрпағын қамтиды. Ал енді кейбір ғалымдар мұндағы «əке» деп Ибраһим пайғамбарды (оған Алланың сəлемі болсын) меңзеген. Ал «оның дүниеге əкелгені» деген сөзбен, ин шə Алла, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) меңзелген. Осы түсіндірмеге сəйкес, бұл сүреде Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) туралы ант екі жерде келген болады.
«Бәләд» сүресі, 3-аят
Нəсəфи (Алла оны мейіріміне бөлесін) тəпсірі: Мұндағы «əке» — Адам пайғамбар (оған Алланың сəлемі болсын), ал «оның дүниеге əкелгені» — оның барлық ұрпағы. Немесе бұл сөз əрбір əке мен оның баласын қамтитын жалпы мағынада айтылған. Сондай-ақ, «əке» деп Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сəлемі болсын), ал «оның дүниеге əкелгені» деп оның ұрпағы меңзелген деген пікір де бар.
«Бақара» сүресі, 1-2-аяттары
Əлиф, Лəм, Мим. Міне, (мұғжиза) Кітап. Онда (яғни, оның көктен түскен илаһи кітап екендігінде) еш күмəн жоқ. Ол – (Аллаға толық бойсұнған, күнə атаулыдан барынша сақтанатын) тақуа жандарды тура жолға бастаушы. Сəһл ибн Абдуллаһ əт-Түстари (оған Алла разы болсын) былай деген: «Əлиф» — Алла Тағаланы білдіреді. «Лəм» — Жəбірейілді (оған Алланың сəлемі болсын) білдіреді. Бұл пікірді Самарқанди де (оған Алла разы болсын) келтірген, бірақ оны Сəһлге (оған Алла разы болсын) телімеген. Ол бұл сөздің мағынасын: «Алла Жəбірейілді (оған Алланың сəлемі болсын) осы күмəнсіз Құранмен Мұхаммедке (с.ғ.с) жіберді», - деп түсіндірген. Сондай-ақ, бұл жерде де Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) есімінің Алланың есімімен қатар аталуында оның артықшылығы мен мəртебесінің белгісі бар.
Нəсəфи (Алла оны мейіріміне бөлесін) тəпсірі: Ғалымдардың (олардан Алла разы болсын) басым көпшілігінің пікірінше, бұл əріптер — сүрелердің атаулары. Ибн Аббас (Алла оған жəне əкесіне разы болсын): «Алла Тағала осы əріптермен ант еткен», - деген. Ибн Мəсғуд (Алла оған разы болсын): «Бұл — Алланың Ұлы Есімі (Исмул-Ағзам)», - деген. Тағы бір пікір бойынша, бұл əріптер мүтəшəбиһ аяттарға жатады. Олардың нақты мағынасын бір Алла ғана біледі. Олар «муғжам» (жеке-жеке айтылатын əріптер) деп аталуының себебі — олардың мағынасы көмескі болып, адамдарға бірден түсінікті болмағандықтан. Кейбір ғалымдардың айтуынша, бұл əріптердің осылай жеке-жеке келуі — Құранмен сынға шақырылған (тəхадди етілген) адамдарды ояту жəне назарларын аудару үшін.
Өйткені, Құран солар күнделікті қолданып жүрген осы əріптердің өзінен құралған. Соған қарамастан, олардың барлығы бірігіп, оның бір ғана сүресіне ұқсас нəрсе келтіруге қауқарсыз болды. Осыған ой жүгірткен адам олардың əлсіздігі мен дəрменсіздігі Құранның адам сөзі емес екенін көрсететінін түсінеді. Егер ол адам сөзі болғанда, сөз өнерінің шеберлері болған арабтар оған ұқсасын келтіре алар еді. Алайда олар талай рет əрекет жасағанымен, соған шамалары жетпеді.
Бұл Құранның адамның сөзі емес, күш-қуат пен құдіреттің Иесі болған Алла Тағаланың сөзі екенінің айқын дəлелі.
Автор: «Бұл пікір қабылдауға ең лайықты əрі ең көркем пікірлердің бірі», -дейді.
Тағы бір пікір бойынша, сүрелердің осы əріптермен басталуының себебі – тыңдаушылардың құлағына бірден тосын естіліп, назарларын өзіне аудару. Өйткені арабтардың барлығы – мейлі сауатсыз болсын, мейлі Кітап иелері болсын – əріптердің өзін айтуды білетін. Ал əріптердің атауларын («əлиф», «лəм», «мим» сияқты) айту тек жазу мен оқуды меңгерген, Кітап иелерімен араласып, солардан білім алған адамдарға тəн еді. Ал үмми (сауатсыз) пайғамбардың (с.ғ.с) бұл əріптердің атауларын дəл осылай айтуы – оның жазып-оқуды ешкімнен үйренбегеніне қарамастан, мұны тек уахи арқылы білгенінің дəлелі. Бұл жағдай Құранда айтылған бұрынғы қауымдардың оқиғаларына ұқсайды. Өйткені құрайыш пен басқа арабтар ол қиссаларды білмейтін еді. Сондықтан пайғамбардың (с.ғ.с) оларды дəл баяндауы оның пайғамбарлығының ақиқат екеніне жəне бұл білімнің уахи арқылы келгеніне айқын дəлел болды.
«Міне, сол Кітап, онда ешбір күмəн жоқ» («Бақара» сүресі, 2-аят). Кейбір ғалымдардың айтуынша, бұл — Мұса (оған Алланың сəлəмі болсын) мен Исаға (оған Алланың сəлəмі болсын) уəде етілген Кітапқа ишара. Басқа бір пікір бойынша, «ذﻟﻚ» сөзі алдыңғы айтылған əріптеріне ишара етеді.
«Онда еш күмəн жоқ» деуі – Құранның өзі күмəн туғызатын кітап емес, қайта дəлелі анық, айғағы айқын болғандықтан, оған күмəндануға еш негіз жоқ дегенді білдіреді. Сондықтан мұндағы мақсат – ешкім күмəнданбайды деу емес. Өйткені көптеген адамдар Құранға күмəн келтірген. Керісінше, мағынасы – Құран табиғатынан күмəн тудыратын кітап емес, ол анық ақиқат.
«Қаф» сүресі, 1-аят
Ибн Ата (оған Алла разы болсын) бұл аят жайында былай деген: «Алла Тағала сүйіктісі Мұхаммедтің (с.ғ.с) жүрегінің қуатымен ант етті. Өйткені оның жүрегі уахиды, илəһи үндеуді жəне Алланың көрсетуін (мушаһада) көтере алды. Соған қарамастан, оның жүрегіне ешқандай əлсіздік не өзгеріс əсер етпеді. Бұл – оның дəрежесінің өте жоғары болғандығын көрсетеді.» Нəсəфи (Алла оны мейіріміне бөлесін) тəпсірі: араб əліпбиіндегі үзік əріптердің бірі. Ол Құранның адам сөзі »ق« емес екенін көрсету, адамдарды Құранға ұқсасын келтіруге шақыру (тəхадди) жəне оның мұғжизалығына назар аударту үшін келген. Одан кейін Алла Тағала: “Қасетті Құранға серт”, - деп ант етеді. Бұл жерде анттың жауабы (жауапул-қасам) айтылмай түсірілген. Өйткені оған алдыңғы тəхадди жеткілікті дəлел болып тұр. Яғни мағынасы: «Даңқты Құранмен ант етемін! Расында, ол – мұғжиза болған Алланың сөзі.» Сондай-ақ «ق» сөзін сүренің атауы деп түсіндіруге де болады. Бұл жағдайда ол жасырын бастауыштың хабары болады. Яғни: «Бұл – “Қоф” сүресі». Яғни бұл – арабтарды ұқсасын келтіруден дəрменсіз қалдырған сүре.
«Нəжм» сүресі, 1-аят
Ағып бара жатырған жұлдызға серт! Нəсəфи (Алла оны мейіріміне бөлесін) тəпсірі: «Жұлдызбен ант етемін» — (Алла) Үркер жұлдызымен немесе жалпы жұлдыздар тегімен ант етті. «Түскен (батқан) кезде» — яғни батқан кезінде, немесе қиямет күні (аспаннан) шашылып түскен кезінде.
«Фəжр» сүресі, 1-2-аяттары
Таң шапағына серт! Жəне он күнге серт! Нəсəфи (Алла оны мейіріміне бөлесін) тəпсірі: «Таңмен ант етемін» — (Алла) таңмен ант етті, ол — таңғы уақыт, «Муддəссир» сүресіндегі: «Жарылған таңмен» деген аят сияқты. Немесе бұл — таң намазымен ант ету. «Он түнмен ант етемін» — Зулхижжа айының алғашқы он түні, немесе Мұхаррам айының алғашқы он түні, болмаса Рамазан айының соңғы он түні. Олардың (аятта) нақты аталмай, жалпылама келуі — олардың қадір-қасиетінің ерекшелігін арттыру үшін.
материал «Сәруар» кітабынан алынды,
ummet.kz