18 июля 2026, Суббота 4 сафар 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:20
Восход 04:15
Зухр 12:26
Магриб 20:26
Иша 22:20

Мешітте қатты дауыспен сөйлеудің әбестігі

Мешітте қатты дауыспен сөйлеудің әбестігі

Сайб ибн Язид (р.а.) риуаят етті:

«Мешітте тұрған едім, бір кісі ұсақ тас атып (белгі беріп), мені шақырды, қарасам, Хазреті Омар екен. «Анау бір екі кісіні ертіп кел!»,- деді. Екеуін ертіп келдім. Хазреті Омар: «Кімсіңдер, қай жерденсіңдер?»,- деді. Олар: «Тайыфтықпыз»,- десті. Сонда Хазреті Омар (р.а.): «Егерде Мединелік болғандарыңда, дүре соқтыртар едім. Бұл не қылғандарың, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітінде дауыстарыңды көтересіңдер»,- деді.

Бір күні мешітте Кағб ибн Мәлік, ибн Әбу Хадрадан қарызын сұрап, қысымға алды. Екеуінің жанжалдасқан дауыстарын Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үйінде (бөлмесінде) отырып естіп, бөлмесінен шығып: «Ей, Кағб»,- деді. Кағб: «Я Расулулла!»,- деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мүбәрәк қолдарымен ишара белгі қылып, қарызыңның жартысын кеш!»,- деді. Кағб: «Кештім Я Расулулла»,- деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ибн Әбу Хадраға: «Тұр, қарызыңды бер!»,- деді.

материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz