12 октября 2026, Понедельник 1 джумад-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:27
Зухр 12:06
Аср 15:42
Магриб 17:33
Иша 18:59

Қол алысып (мұсафаха) амандасудың пайдасы мен әдебі

Қол алысып (мұсафаха) амандасудың пайдасы мен әдебі

Мұсылман бауырын көргенде қол алысып амандасу мұстахаб амал.


Әнәс ибн Малик (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) біреумен жолыққанда қолын алып амандасатын, қолын ана кісі жібермейінше жібермейтін» (Тирмизи, әс-Сунән, № 2490).

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Екі мұсылман жолыққанда бірі екіншісіне сәлем берсе, екеуінің ішінен Аллаға ең сүйіктісі көбірек күлімдегені. Бұл екі мұсылман қол алысып амандасқанда Алла оларға жүз жақсылық жаудырады. Тоқсаны бірінші сәлем беріп, қол созғанға, қалған оны екіншісіне беріледі» (Мунауи, Фәйз ул-қадир, № 487).

Ислам тарихында ең алғаш қол алысып амандасқан әш‘ар тайпасының сахаба мұсылмандары. Олардың ішінде Әбу Мұса әл-Әш‘ари (р.а.) да бар. Мәдина мунаууараға келгенде кезіккен әр адаммен қол алысып амандасатын еді.

Қол алысып амандасудың сүннеті – екі қолымен амандасу. Салауат айту – сәлемнің әдебі. Хадис шәрифте былай деп айтылады: «Алла үшін бір-бірін жақсы көрген екі кісі жолыққанда, қол алысып амандасып, Алла Расулына салауат айтса, яғни “аллаһуммә салли ‘алә мухаммәдин, уә ‘алә әли мухаммәд” десе, сол жерден кетпей тұрып екеуінің барлық күнәлары кешіріледі». (Әбу Яғла, әл-Мүснәд, 2951).

материал «Дұғалар жинағы» кітабынан алынды, 

ummet.kz