10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Жылдық есеп-2024: «MUFTIYAT» баспасынан 23 кітап жарық көрді

Жылдық есеп-2024: «MUFTIYAT» баспасынан 23 кітап жарық көрді

2024 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «MUFTIYAT» баспасынан 23 кітап оқырманға жол тартты. Бұл жөнінде баспа директоры Мұрат Әбдіхалықов хабарлады.

«Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Ислам энциклопедиясы», «Қалып», «Ой салар оқиғалар», «Исламдағы сауда-саттық», «Ерекше есімдер», «Имандылық әліппесі», «Құрбандық пәтуалары», «Мақтаулы Мұхаммед», «Жұма уағызы» сынды жалпы саны 23 кітап 102 000  данамен жарық көрді» дейді Мұрат Манапұлы.

Сондай-ақ мүфтияттың төл басылымдары «Мұнара» газеті жыл бойы 27 000 таралыммен, ал «Иман» журналы 16 300 таралыммен жарық көрді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Мұнара» республикалық рухани-танымдық газетінің 5 жылдығына арналған «Діни журналистика және қазіргі қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бүгінге дейін «Мұнара» газетінің 126 саны оқырманмен қауышты.