25 Тамыз 2026, Сейсенбі 13 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 05:11
Бесін 12:21
Екінті 17:11
Шам 19:21
Құптан 20:59

Сауд Арабиясының министрі бас мешітке келді (фото)

Сауд Арабиясының министрі бас мешітке келді (фото)

Бүгін Астанадағы Республикалық бас мешітке Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан әр-Рабиа бастаған делегация келді.

Қадірлі қонақтарды ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, Республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қоянбекұлы қарсы алып, мешіт тынысымен, сәулетімен, көзделіп отырған жоспарларымен жан-жақты таныстырды.

Сауд Арабиясынан келген меймандар Бас мешіттің келбетіне сүйсініп, оң тілегін білдірді.