10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

СALL CENTER 150 сұраққа жауап берді (фото)

СALL CENTER 150 сұраққа жауап берді (фото)

Қазақстан қажылық миссиясы жанындағы Сallcenter қасиетті мекендерге келіп жеткен қажылардың сұрақтарына жауап беруде.

Орталық 3 күнде қажылардың 150 сұрағына жауап беріп, құлшылықтарды дұрыс атқаруға қатысты бағыт-бағдар берді. Атап айтқанда, орталық мамандары ихрам киюге қатысты – 81, ұмра және бәдел қажылық тақырыбындағы 13, шайтанға тас ату жайлы 5 және әртүрлі бағыттағы 51 сұраққа жауап берді.

Айта кетейік, Қазақстан қажылық миссиясы ұйымдастыру, уағыз-насихат, алғашқы дәрігерлік көмек, ақпарат және Сall center (сұрақ-жауап, пәтуа т.б) секілді 5 бағыт бойынша жұмыс істеуде.