10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Университет жастарымен жүздесті (ФОТО)

Университет жастарымен жүздесті (ФОТО)

Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агро-техникалық университетінде «Ұлттық салт-дәстүр және бүгінгі қоғам» және «Отбасы тәрбие бастауы» тақырыбында кездесу өтті.

«Төлебай» мешітінің наиб имамы Дастан Смагулов аталмыш шара барысында 4 курс студенттеріне қазақ халқының салт-дәстүрі, қоғамдық мәселелер және отбасы тәрбиесі турасында дәріс оқыды. Дастан Зияшұлы жастарға ұлттық салт-дәстүрлер жайында және олардың қазіргі таңдағы қоғамдағы алатын орнын айтып, жастардың ұлттық сана-сезімін ояту керектігін түсіндірді.

Сонымен қатар, студенттерге жан-жақты білім алып, келешекте егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосуға шақырды. Сондай-ақ, тәлім-тәрбие отбасынан басталатынын айтып, ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиені күшейту керектігін айтып жеткізді.

DSC 0209

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі