09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Бесін 12:07
Шам 17:40
Құптан 19:06

ҰОС ардагерін зиярат етті

ҰОС ардагерін зиярат етті

Бүгін «әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Абсаттарұлы Ұлы Отан Соғысының ардагері Кашеков Жапаш ақсақалдың үйіне зиярат етіп барды.

Майдангер қарияның хал-жағдайын сұраған Нұрбол Абсаттарұлы бас мүфтидің сәлемін жеткізді. Сондай-ақ мешіт атынан сый-сияпат тарту етті. Жасы тоқсаннан асса да тық қалпын сақтаған қажырлы қария келген қонақ имаммен емен-жарқын сұхбаттасып, бастан өткерген сұрапыл жылдарды еске алды әрі сол күндердің қайта оралмауын тілеп, батасын берді.

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі