24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Имамдар достықты дәріптеді (ФОТО)

Имамдар достықты дәріптеді (ФОТО)

Елорда мешіттерінің дін қызметкерлері «әл-Ғани» мешітінде бас қосты. Бұл басқосудың өзге кездесуден жөні бөлек.

Қала мешіттерінің бас имамдары бір дастархан басында өзара салиқалы сұхбат құрып, дидарласты.

Кездесу халықтың рухани сұранысына, талап-тілектеріне әрдайым сақадай сай тұратын имамдардың қоғамдық қызметімен қатар, өзара бауырластықтарын нығайтып, достық, татулық қарым-қатынастарды арттыруды мақсат тұтты. Имамдар дастархан үстінде дін саласындағы жұмыс жоспарларын бөлісіп, сондай-ақ жалпы уағыз-насихат жүргізудегі ой-пікірлерін ортаға салды. Ислам дініндегі бауырластық, достық һәм бірлік тақырыбында уағыз айтып, халыққа қалтқысыз қызмет етуге уағдаласты.

Imamy2

Imamy3

Imamy4

Imamy5

Imamy6

Imamy7

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі