10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

«Берекелі Рамазан» акциясы: «Төлебай» мешітіндегі қайырымдылық (ФОТО)

«Берекелі Рамазан» акциясы: «Төлебай» мешітіндегі қайырымдылық (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айының құрметіне «Төлебай» мешітінде «Берекелі Рамазан» акциясы аясында қайырымдылық шарасы өтті.

Ізгілікті мұрат еткен игі шараға мешіттің бас имам Асхат Салимов бастамашы болып, тұрмыс-ахуалы төмен отбасыларға көмек көрсетілді.  

Акция аясындағы қайырымдылық шарасына  16 отбасы шақырылып, азық-түлік өнімдері және ауызашар құрмалары берілді. «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимов жиылған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оразадағы дұға-тілектерге қабыл болсын айтып, қариялардың батасын алды.

Ramadanto2

Ramadanto3

Ramadanto4

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі