20 Қазан 2026, Сейсенбі 9 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:41
Бесін 12:04
Екінті 15:26
Шам 17:17
Құптан 18:43

ҚМДБ Төрағасы халықаралық конференцияда баяндама жасады

ҚМДБ Төрағасы халықаралық конференцияда баяндама жасады

Бүгін «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстандағы ислам өркениетінің дәстүрі: өткені, бүгіні» атты ХХХІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады.


«Бүгінде университетімізден түлеп ұшқан мамандар еліміздің әр өңірінде имамдық, ұстаздық, ғылыми-зерттеу және ағартушылық бағытта қызмет етіп, халқымыздың рухани дамуына өз үлесін қосып келеді. Алла разы болсын! Білім беру тек маман даярлауды ғана білдірмейді. Білім беру – адам тәрбиелеу, елге қызмет ететін саналы тұлға қалыптастыру деген сөз. Осы тұрғыдан айтқанда, сіздердің еңбектеріңіздің маңызы ерекше екені хақ. Өйткені білім адамға жол көрсетеді, ал тәрбие сол жолмен дұрыс жүруге үйретеді.

Осы ретте «Қазақстандағы ислам өркениетінің дәстүрі: өткені, бүгіні» тақырыбында басталған ХХХІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына сәттілік пен береке тілеймін. Ислам өркениетінің тарихи мұрасын зерделеп, рухани құндылықтарымызды жаңғыртуға арналған бұл ғылыми жиында ғалымдарымыздың тарапынан мазмұнды баяндамалар жасалады деп сенемін.

Мемлекет басшысы қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы ғалымдармен болған кездесуде: «Біз зияткерлік мұрамызды мақтан тұтамыз. Әл-Фараби, Ахмет Ясауи, Абай сынды ғұламаларымыз соңына сарқылмас рухани қазына қалдырды. Олардың еңбектері әлемдік ақыл-ойдың алтын қорына кіреді. Данышпан бабаларымыздың баға жетпес туындыларын заман талабына сай кәдеге жарата білуіміз керек. Ойшылдарымыз бен ғалымдарымыздың мұрасын терең танып, кеңінен дәріптеп, барынша дамытқан жөн. Ұлы тұлғаларды ұлықтау жұмысына тың серпін беру аса маңызды», – деп атап өткен болатын»,-деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы