24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Ғұламалар кеңесінде қос кітаптың танытымы өтті

Ғұламалар кеңесінде қос кітаптың танытымы өтті

Алматыда өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің 45-мәжілісінде «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Пәтуалар жинағы» кітабы V томының және «Ғибадат тұтқасы. Мұхтасар әл-Құдұри» кітабы ІІ томының танытымы өтті.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Осы уақытқа дейін Ғұламалар кеңесі маңызды кітаптардың жарық көруіне атсалысты. Кеңес отырыстарында 18 кітап талқыланып, баспаға ұсынылды. Бүгін міне, Ғұламалар кеңесі қабылдаған пәтуалар жинақталған «Пәтуалар жинағы» кітабының V томын таныстырып отырмыз. Бұл еңбектердің қоғам үшін пайдасы мол. Аталған кітаптарға сіздер де үлкен үлес қостыңыздар. Баршаңызға Алла разы болсын!» - деді.