09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Діни оңалту мамандары кәсіби біліктілігін арттырды

Діни оңалту мамандары кәсіби біліктілігін арттырды

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің ұйымдастыруымен «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі теологиялық жұмыстардың ерекшеліктері мен тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында кәсіби біліктілікті арттыруға арналған екі күндік семинар өз мәресіне жетті.

Оқу-семинарына еліміздің барлық өңірінен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қызмет атқарып жүрген, ҚМДБ-ның діни оңалту бағытына жауапты мамандар қатысты.

Семинар соңында қатысушыларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы сертификат табыс етті.