24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Бесін 12:22
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Бас мүфти «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жұма уағызын айтты

Бас мүфти «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жұма уағызын айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жұма намазын жүргізді.

«Адам баласы Жаратушысын танып, Оған құлшылық еткеннен кейін, ең алдымен ата-анасына жақсылық жасап, олардың ризалығын алуға бұйырылған. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресі, 36-аятында: «Алла Тағалаға құлшылық етіңдер әрі Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар және ата-анаға ең көркем түрде жақсылық жасаңдар», – деп айтқан.

Алла Тағала бізді жаратқан, ал ата-ана бұл дүниеге келуімізге себепші болған. Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын) былай деген: Бір кісі Ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағалаға ең сүйікті амал қандай?» – деп сұрады. Сонда ол: «Уақытылы оқылған намаз және ата-анаға жақсылық жасау», – деп жауап берді (имам Бұхари)»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.