24 Қараша 2026, Сейсенбі 14 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:40
Бесін 12:06
Екінті 14:34
Шам 16:21
Құптан 17:55

Жұма намазы дұрыс (сахих) болу үшін 6 шарттың орындалуы

Жұма намазы дұрыс (сахих) болу үшін 6 шарттың орындалуы

Жұма намазы дұрыс (сахих) болу үшін алты шарттың орындалуы қажет.

Жұма намазының дұрыс болуының шарттары:

1) Жұма намазының бесін мезгілінде оқылуы;

2) Парыздан бұрын құтпаның оқылуы;

3) Жұма оқылатын мекеннің жұрттың барлығына есігі ашық болуы;

4) Имамнан басқа кем дегенде үш ер адам жамағат болуы;

5) Жұма намазын оқытатын адам мемлекет тағайындаған немесе рұқсат берген адам болуы;

6) Жұма оқылатын жердің қаланың ішінде немесе соған дәрежесі тең келетіндей жерде болуы.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

ummet.kz