18 Қыркүйек 2026, Жұма 7 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:20
Күн 05:49
Бесін 12:13
Шам 18:27
Құптан 19:55

Жамағатсыз жалғыз өзі тіреулердің арасында намаз оқу мәселесі

Жамағатсыз жалғыз өзі тіреулердің арасында намаз оқу мәселесі

Абдулла Ибн Омар (р.а.) риуаят етті:


«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Қағбатуллаға кірді, ол кісімен бірге Усама ибн Зәйд, Осман ибн Талха мен Біләл кірді. Ол жерде біраз болғаннан соң қайтадан шықты. Мен бірінші болып ішке кіріп, Біләлдан «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жерде намаз оқыды?»,-деп сұрадым. Ол: «Алдыңғы екі тіреудің арасында»,- деді.

Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Қағбаға кірді. Ол кісімен бірге Усама ибн Зәйід, Біләл және Осман ибн Талха кірді. Содан соң есікті жауып қойды. Ол жерде біраз болғаннан кейін барлығы қайтып шықты. Мен: Біләлдан «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол жерде не істеді»,- деп сұрадым. Ол : «Бірінші тіреуді оң жағында, екінші тіреуді сол жағында, ал қалған үш тіреу арт жағында қаларлықтай тұрып, намаз оқыды,- деді. (Сол кезде Қағбаның төбесінде алты бағана тіреу болған) Исмайл (р.а.): «Екі тіреу оң жағында болған еді»,- деп айтты. 

Нафиғ (р.а.) айтты: «Абдулла ибн Омар (р.а.) Қағбаға кіретін болса, есікті арт жаққа қалдырып, қарсысындағы қабырғаға үш адымдай қалғанша жақын баратын да, Біләл «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намаз оқыған жерлері»,- деп көрсеткен жерде намаз оқитын»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz