Құран Кәрімдегі көптеген қиссаларда әйелдер тікелей немесе жанама түрде баяндалады. Алайда Құранда Мәриям анамыздан басқа ешбір әйелдің өмірі толықтай айтылмаған.
Ұлы кітабымызда тек қана Мәриям анамыз өз есімімен баяндалады. Одан басқа әйелдердің есімі мүлдем кездеспейді. Бұл тақырыпта көп нәрсе айтуға болады. Тіпті бұл тақырыпқа арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады. Бірақ біз тақырыптан ауытқымай, негізгі мәселемізге оралайық.
Құран Кәрімде қиссаларда баяндалған әйелдер атымен емес, жалпы сипатымен беріледі. Мысал ретінде (Хазірет Мәриямнан басқа) әйелдер туралы айтылған аяттарға тоқталайық:
«Ой, Адам! Жұбайыңмен бірге Жұмаққа кір...»¹⁵
«Нұхтың әйелі және Лұттың әйелі...»¹⁶
«Ибраһимнің әйелі...»¹⁷
«Лұттың әйелі...»¹⁸
«Мысырлық әйел...»¹⁹
«Мұсанның анасы...»²⁰
«Шұғайбтың қыздары...»²¹
«Мұсанның қарындасы...»²²
«Перғауынның әйелі...»²³
«Сәбә ханшайымы...»²⁴
«Имранның әйелі...»²⁵
«Зәкәрияның әйелі...»²⁶
«Мәриям...»²⁷
¹⁵ "Бақара" сүресі, 2/35
¹⁶ "Тахрим" сүресі, 66/10
¹⁷ "Худ" сүресі, 11/71
¹⁸ "Ағраф" сүресі, 7/83
¹⁹ "Юсуф" сүресі, 12/21. Мысырлықтың әйелі деп келген кісі Юсуф (а.с) қиссасында айтылған Зүлейха ханым.
²⁰ "Қасас" сүресі, 28/7
²¹ "Қасас" сүресі, 28/27
²² "Таһа" сүресі, 20/40
²³ "Қасас" сүресі, 28/9
²⁴ "Нәміл" сүресі, 27/29
²⁵ "Әли-Имран" сүресі, 3/35
²⁶ "Мәриям" сүресі, 19/8
²⁷ "Мәриям" сүресі, 19/16
«Зәйдтің (бұрынғы)²⁸ әйелі...»²⁹
«Күйеуі жайлы шағымданып, Аллаға арызданған әйел...»³⁰
³¹«(Әбу Ләһәбтің) әйелі: ол да отқа бірге кіреді, отын тасыған халде...»
³²«(Сәбә ханшайымы) Бәлқис...»
Осы және осыған ұқсас аяттарда әйелдер мұсылман болсын, мұсылман емес болсын өз есімдерімен аталмаған. Тек Хазіреті Мәриямның есімі ғана Құранда баян етіледі. Жоғарыда көрсеткен аяттарымыздағы әйелдердің бәрі некелі болса, Хазірет Мәриям анамыз тұрмысқа шықпаған, ары таза әйел. Құранда оның есімі аталғанына қарап, шариғатымыз әйелдің намысы мен арына қаншалықты мән беретінін көруге болады. Әйелдер – ер адамның ең үлкен аманаты, намысы. Оларды жәбірлеуге, ар-намысын төгуге болмайды.
Бүгін мұсылманы да, мұсылман еместі де әлеуметтік желіде өз суреттерін, жеке өмірін, жұбайымен қарым-қатынасын жариялап жатқаны өкінішті. Мұсылман емес әйелдің бұл мәселеге немқұрайлы қарайтыны сияқты мұсылман әйелдердің де оларға ұқсас әрекет ететінін байқап жатамыз. Тіпті шариғат талаптарын ұстайтын кейбір әйелдер сұлулығын көрсететін суреттерін көпшілікке жариялап жатады. Ал Құранда әйелдердің есімінің өзі аталған жоқ. Бұл әйелдерге құрмет, әрі олардың ар-намысы қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Дегенмен феминистік көзқарасты ұстанатын кейбір адамдар мұны әйелге құрметсіздік деп түсінуі мүмкін. Егер терең үңілетін болсақ, бұның астары мүлдем басқа екенін аңғарамыз.
Тіпті батыс дәстүрінде де әйелдерге ерекше құрмет көрсетіледі. Мен ағылшын патшайымы туралы жазылған бір мақаланы оқыдым. Онда патшайымға қатысты әдептілік нормалары баяндалған. Солардың бірі – патшайымды есімімен атамау. Бұдан батыс дәстүрінде де әйелдердің есімін атамау арқылы құрмет көрсететінін көреміз. Бірақ біз өз кітабымыз Құрандағы осы бір нәзік мәселені елемей жатамыз.
²⁸ Зейнеп бинт Жахш (р.анһа) Пайғамбарымызбен (с.а.с) некелеспес бұрын Зәйд ибн Харисаның (р.а) әйелі болған. Зәйдтен некесі бұзылғаннан кейін Пайғамбарымызбен шаңырақ құрғандығы Құранда мысал ретінде баяндалады.
²⁹ "Ахзаб" сүресі, 33/37
³⁰ "Мужәдәлә" сүресі, 58/1
³¹ "Тәббәт" сүресі, 111/4
³² "Нәміл" сүресі, 27/29
материал «Ғалым тәрбиелеген аналар» кітабынан алынды,
ummet.kz