10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Ұмытылған сүннет: Жаңбыр жауғанда дұға қылу

Ұмытылған сүннет: Жаңбыр жауғанда дұға қылу

Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткен риуаятта:

«Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жаңбырдың [басталғанын] көргенде былай дұға қылатын: «Уа, Алла, бұл жаңбыр пайдалы болсын» (Аллаһумма саййибән нәфи`ан). Басқа бір хадисте бұлттар тарап кетсе, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаға мадақ айтқаны, ал егер жаңбыр жауса, осы дұғаны жасағаны айтылады  (Ән-Нәсәи, № 1842).

Ибн Хажар әл-Әсқаләни: «Бұл дұғаны жаңбыр кезінде оның берекесі мен жақсылығы арту үшін, сондай-ақ, жаңбырдан болу мүмкін бәлелер мен азаптарды қайтару үшін «пайдалы болсын» деп нақтылап оқыған жөн», - деп жазады  («Фәтх әл-Бари», 4/159).

материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz